Блог статистикасы
195
Жазбалар
3619
Өтініштер
153826
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Науырзым ауданының әкімі


Талғат Тойшыбекұлы КАРБОЗОВ

1970 жылы 2 сәуірде Қостанай облысы Амангелді ауданы Қабырға ауылында дүниеге келген. Жоғары білімі бар, 1988 жылы Торғай а/ш техникумын тәмамдаған, «ауыл шаруашылығының бухгалтері» мамандығын иемденген, 2004 жылы Қостанай әлеуметтік академиясын тәмамдаған, «қаржы және несие» мамандығын иемденген. 1988-1990 жылдары аралығында Совет армиясының қатарында шұғыл қызмет атқарған.

Еңбек жолын 1988 жылы 1 тамызда Аманкелді ауданының Н. Крупская атындағы № 1 бөлімшенің бухгалтері ретінде бастаған. 1991 жылғы 25 қаңтардан бастап 1996 жылғы 2 қарашасы аралығында Аманкелді ауданы Н.Крупская атындағы совхозының бас бухгалтерінің орынбасары қызметін атқарған. 1996 жылғы 2 қарашасынан бастап 1998 жылғы 30 маусымы аралығында Аманкелді ауданының Н.Крупская атындағы совхозының бухгалтер-кассир қызметін атқарған.

2000 жылғы 4 ақпанынан 2001 жылғы 19 желтоқсаны аралығында Аманкелді ауданы бойынша салық комитетінің аудит бөлімінің маманы қызметін атқарған. 2001 жылғы 19 желтоқсанынан 2002 жылғы 13 қарашасы аралығында Аманкелді ауданы бойынша салық комитетінің ұйымдастыру бөлімінің бас маманы қызметін атқарған. 2002 жылғы 13 қарашасынан бастап 2003 жылғы 3 шілдесі аралығында Аманкелді ауданы бойынша салық комитетінің ұйымдастыру және есеп бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған. 2003 жылғы 3 шілдесінен бастап 2007 жылғы 3 қаңтары аралығында Аманкелді ауданы бойынша салық комитетінің аудит және мәжбүрлеп өндіру бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған. 2007 жылғы 3 қаңтарынан бастап 2012 жылғы 9 қазаны аралығында Аманкелді ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының қызметін атқарған. 2012 жылғы 9 қазанынан бастап 2018 жылғы 4 шілдесі аралығында Амангелді ауданы әкімінің орынбасарының қызметін атқарған.

2018 жылғы 4 шілдесінде Қостанай облысы әкімінің өкімімен Науырзым ауданының әкімі болып тағайындалды.

Аудан аумағында Конституцияның және Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінің және тапсырмаларының, Қостанай облысы әкімдігінің қаулыларының, облыс әкімі шешімдерінің және өкімдерінің, жоғары тұрған мемлекеттік органдардың басқа да актілерінің орындалуын ұйымдастырады, ауданның халықшаруашылық кешенінің қызметін қамтамасыз ету мәселелері бойынша облыс әкімі аппаратымен бірлесе жұмыс атқарады. «Қазақстан-2030» Стратегиясының орындалуын бақылайды. Кадр саясатын жүргізеді.

Аудан әкімдігінің, қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша аудандық Кеңестің қызметін басқарады.

Аудан әкімі орынбасарларының, ауыл және ауылдық округ әкімдерінің жұмыстарын үйлестіреді.

Аудандық прокуратурамен, аудандық сотпен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы және ұлттық қауіпсіздік органдарымен өзара бірлесіп жұмыс атқарады.

Қабылдау бөлмесінің телефоны: 8(71454)21 268

e-mail: ta.karbozov@kostanay.gov.kz
Науырзым ауданы әкімі аппаратының мекенжайы: 111400, Қостанай облысы, Науырзым ауданы, Қарамеңді ауылы, Шақшақ-Жәнібек көшесі 1.

Сенім телефоны: 8(71454)21 579

хат жіберу