Официальный Интернет-ресурс Акимата Наурзумского района
Блог статистикасы
178
Blog
2405
Апелляциялық
93457
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Өңір жаңалықтары


Қазақстан бойынша 46 ХҚКО-да туу туралы куәлікті 3 сағат ішінде алуға болады Тыныштық сақшылары «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңы ШОШҚАЛАРДЫҢ АФРИКАНДЫҚ ОБАСЫ ЕЛБАСЫНЫҢ ЖАСАМПАЗ ҚОЛТАҢБАСЫ Астана күні мерекесіне арналған – футболдан шағын аудандық турнир өткізілді Құрметті науырзымдықтар! Латын әліпбиіне көшу – заман талабы «Қазақстан Республикасы азаматының паспортына ата-аналарымен бірге шетелге шыққан жағдайларда он алты жасқа дейінгі балалар туралы фотосуреттері жапсырылған жазба» Ақпараттық хабарлама 23 маусымда құқық қорғау органдарының қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелері - Қазақстан полициясы күнін атап өтті Бірқатар заңнамалық актілерге өзергерістер мен толықтырулар енгізілген (яғни «Халықтың көші-қоны туралы» заңы, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексі) 1 шілдеден бастап қазақстандықтардың зейнетақысы өседі Құрметті полиция қызметкерлері! Құрметті мемлекеттік қызметшілер! Ардақты ақ халатты абзал жандар! «Рәміздерім — мақтанышым!» Қылмыстылықтың алдын алудағы бұқаралық ақпараттар құралдарының рөлі «Үздік білімпаз-2017» Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы
RSS



Құрметті науырзымдықтар!

Сіздерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі – Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Астана күні – барлық қазақстандықтардың мерекесі. Жарқын болашақтың рәмізі – жас Астана бүкіл әлемді таңғалдырып тамсандырады.
Астана – Батыс пен Шығыстың, Солтүстік пен Оңтүстіктің – бүкіл әлем мәдениетінің үндесуі және топтасуымен ерекшеленеді.
Астанамызда саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени өзекті мәселелер бойынша ауқымды халықаралық кездесулердің, биылғы жылғы ЭКСПО-2017 көрмесінің   өткізілуі де  осыған дәлел.
Ең алдымен, біз астанамыз арқылы ғаламдық әлемге Қазақстанды таныттық. Бірақ ең маңыздысы, біз Астананы өзіміз үшін, Отанымыз үшін жаңаша аштық.
Шындығында, біздің Республикамыздың астанасын қазақстандық нөмір бірінші жаңашылдық деп атауға болады.
Біз бірге мемлекет басшысының алдымызға қойған барлық міндеттерін орындаймыз – халқымыздың әл-ауқат деңгейін қамтамасыз етеміз және жетілдірілген жаңа экономика құрамыз.  Бұл ұлы мақсат қазақстандықтарды әрқашан да жаңа жетістіктерге жетелейді!

Қымбатты жерлестер!

Сіздерді осы тамаша мерекемен шын жүректен құттықтаймын және татулық, жақсылық, Отанымыз – Қазақстан Респуликасының игілігі үшін жаңа жетістіктер мен табыстар тілеймін!

Науырзым ауданының әкімі          Т. Даиров


Отправить письмом
E-mail