Блог статистикасы
196
Blog
2537
Апелляциялық
106570
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Өңір жаңалықтары


ШОШҚАЛАРДЫҢ АФРИКАНДЫҚ ОБАСЫ

(ШАО) қызбамен, геморрагиялық диатезбен және жоғары

өлім көрсеткіштерімен сипатталатын контагиозды шошқа ауруы.

 

ИНФЕКЦИЯ КӨЗІ

 

Ауру және ауырып жазылған шошқалар, жұқпаланған жем, залалсыздандырылмаған ауру жануар өнімдері, вируспен жанасқан автокөлік құралдары, құрал-жабдықтар және т.б.

ШАО вирусының табиғи резервуары – жабайы шошқалар және Ornithodorus туыстығына жататын аргас кенелері.

 

ИНКУБАЦИЯЛЫҚ КЕЗЕҢІ

 

5-15 тәулік

 

КЛИНИКАЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ

 

Вирус вирулентігіне, жұқтыру дозасына, шошқалардық физиологиялық жағдайына байланысты өте жіті, жіті, жітілеу және созылмалы ағымда өтеді. Жіті және жітілеу ағымында шошқаларда дене қызуы 41-42С көтеріледі, тәбеті төмендейді, құлақ, бас, құрсақ, шап және құйрық терісінің гемодинамика бұзылыстары (көгеру не қызару), диарея (кейде қан аралас) байқалады. Өлім көрсеткіші: өте жіті ағымында 1-4 тәулік арасында, жіті – 15 тәулік және жітілеу – 3 аптаға дейін..

Созылмалы ағымындабуын ісінуі, бас терісінің нкрозы, кератит байқалады.ауру 2-15 айға дейін созылады. Шошқалар әдетте өкпе зақымданғаннан өлімге ұшырайды. Ауырып жазылған шошқалар вирус тасушыға айналады.

 

ПАТАЛОАНАТОМИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР

 

Көкбауыр 1,5-2 есе ұлғаяды, бүйректе қанталаулар, дәнекер ұлпасының ісінуімен сипатталатын серозды-геморрагиялық пневмония, лимфа түйіндерінің геморрагиялық инфильтрациясы, кеуде және құрсақ қуысында инфильтрат жиналады.

 

ФГБУ «ВНИИЗЖ» ЗЕРТХАНАЛЫҚ ДИАГНОСТИКАСЫ

 

Зертханалық зерттеуге ішкі мүшелерден салмағы 5-10г пат материал (көкбауыр, лимфа түйіндері, өкпе, бадамша безі) жіберіледі.

Келесі зертханалық зерттеулеу жүргізіледі: ПЦР, шошқаның макрофаг торшаларында не жұлынында вирус культурасын өсіру, биосынама. Серологиялық реакциялар: ИФА, РНИФ, иммуноблотинг.

 

СПЕЦИФИКАЛЫҚ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ

 

ШАО вирус қоздырушысын өткізбеу үшін:

·                   Шошқаларды нық қоршалған қораларда ұстау (еркін емес);

·                   Қораларды жүйелі түрде тазарту және дезинфекциялау;

·                   Арнайы киім, аяқ киім, құрал-жабдықтр қолдану;

·                   3 сағат қайнатылмағн азық қалдықтарымен азықтандыруға тыйым салынған;

·                   Шошқа фермаларын, қораларын бөтен адамдарға кіріп шығуға тыйым салынған;

·                   Тек сау шашқаларды сатып алу (вет-жетектеуші құжаттары бар), табынға карантиннен кейін енгізу, шошқа басын тіркеу;

·                   Веттексеру және ветсанэкспертизасыз жарып сою, өнімдерді қолданысқа жіберуге тыйым алынған;

·                   Ауру пайда болған жағдайда, шошқа өлімі байқалғанда госветқызметтеріне шұғыл түрде хабарлау;

·                   Вакцинаия жүргізу (КШО, шошқа тілмесіне қарсы), және басқа да вет өндеу жүргізу керек;

·                   Биоқалдықтарды утилизациялау (өлекселерді, қалдықтарды) тек белгіленген жерлерде жүзеге асыруға боллады.

ШАО пайда болған жағдайда қатал карантин іс-шараларын жүргізіп, ауру ошағында депопуляция жүгізіледі.

 

ҚР АШМ ВБ және ҚК Науырзым ААИ

Тел/факс: 21-2-93;

хат жіберу