Блог статистикасы
196
Blog
2537
Апелляциялық
106570
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Өңір жаңалықтары



Латын әліпбиіне көшу – заман талабы

«БІЗ ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУДІ БАСТАЙМЫЗ»

 Н.НАЗАРБАЕВ

Елбасымыз  Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаев қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіруіміз  қажет деп мәлімдеді. «Мен еліміз мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қа­лай қадам басатынымыз және бұқаралық сана­­ны қалай өзгертетініміз туралы көзқарас­тарым­ды ортаға салуды жөн көрдім» дей отыра ҚР президенті «Болашаққа бағдар: рухани жаңарту» мақаласын жариялаған болатын. Аталмыш мақаланың «Таяу жылдардағы міндеттер» деген бөлімінде қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің маңыздылығы айтылған болатын. Мақалаға сай арнайы бағдарламалар  дайындалып, іс - шаралар бекілді. Осы бағытта біздің облысымызда да бірқатар жұмыстардың басталып кеткені көзі қарақты жұртқа аян. Міне, бүгінгі жиын осының айғағы.

2017 жылдың 28 маусымы күні облыстық тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Бимағамбетов Кенжеғали Әмірғалиұлы мен аталмыш бөлімнің бас маманы Шаймұрынов Саят Жомартұлы түсіндіру жұмыстарымен біздің ауданға келді. Мақсат Науырзым ауданында «Мемлекеттік тілдің латын қаріпіне көшуі» арнайы жобасының қалай жұмыс жасап жатқанын көру, аудандағы бірқатар мекемелерде болып, ондағы қызметкерлерге латын әліпбиіне көшу бізге, біздің елге не беретіндігін, пайдасы мен маңызын түсіндіру, сөзге тарту, олардың ойларын білу, әңгімелесу. Осы  бағытты бетке алып келген қонақтарымыз ең бірінші аудандық түсіндірме тобының мүшелерімен танысты. Оларға түсіндірме жұмысының қалай жүргізілу керектігі туралы мағлұматтар мен нұсқаулар берді. Келесі кездесулер ауылшаруашылық колледжінің, мемлекеттік табиғи қорықтың  ұжымымен өтсе, аудан әкімдігіндегі кездесу  жеке бөлім басшылары мен бас мамандары, мектеп директорлары мен балабақша меңгерушілерімен өтті. Содан соң бас қосу аудандық кітапханада мәдениет қызметкерлерімен жалғасты. Барлық аудан тұрғындары елбасының бұл бағдарламасын бір ауыздан қолдайтындықтарын, тек бәрі бірден емес кезең – кезеңімен ауыстырылса деген тілектерін айтты. Әрине, 10 адам болса, 10 пікір болатыны белгілі. Латын қаріпіне көшуден қорқақтайтындары кездесіп жатты. Дегенмен, Кенжеғали Әмірғалиұлы олардың күдік толы сұрақтарына жауап беріп, ойларындағы қара бұлтты сейілткендей болды.

Латын қаріпіне көшу – жарқын болашаққа жол ашатын бағдарлама. Экономикасы дамыған, мәдениеті мықты, тарихы тереңде жатқан алпауыт елдермен тереземіз теңелуін қаласақ, Мәңгілік Ел болуды мақсат етсек, латын қаріпіне көшу бізге еш қиындық тудырмауы тиіс. Латын қаріпіне көшу – қазақ тілінің жаңа  белесі болмақ. 













Ж. Сәрсенбайқызы

Тілдерді оқыту орталығының директоры

хат жіберу