Блог статистикасы
195
Жазбалар
5023
Өтініштер
203138
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Өңір жаңалықтары

 

«ЕЛ ЕРТЕҢІ-ЖАСТАР» ОБЛЫСТЫҚ КОНКУРСЫ

Науырзым ауданы білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес және «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кішібағдарламасын жүзеге асыру аясында Қостанай облысы Науырзым ауданында жас ұстаздар арасында «Ел ертеңі-жастар» атты облыстық конкурс өткізілді. Конкурсқа 9 өңірден 9 жас білім беру мекемелеріндегі маман ұстаздар қатысты. Конкурс 5 кезеңнен тұрды:

«Мен-ұстазбын!» өзін-өзі таныстыру қатысушы өзінің педагогикалық идеяларын аша отырып, өмірлік басымдықтары мен балаларға, мамандығына, әріптестерімен қарым-қатынастары жайында презентация көрсететті;    «Өнерлінің өрісі кең » өз өнерлерін ортаға салды, «Қазақтың қолөнері» номинациясы бойынша қатысушылар қолдан жасалған қолөнер бұйымдарын ұсынды, «Дәстүрдің озығы бар...» салт-дәстүрден сұрақтар қойылым көрсетілді. «Білімді мыңды жығар...» Тәуелсіз Қазақстанның даму тарихы, қазақ халқының салт-дәстүрлерінен сұрақтар қойылды.

Жеңімпаздар: 1-орын Рудный қаласы №19 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жакиева Арай Нартаевна , 2-орын «Қостанай қаласы әкімдігінің №1 мектеп-лицейі» ММ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Отынбай Дарын Оразалыұлы, 3-орын Амангелді ауданы Жаңа ауыл жалпы білім беретін орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Казканов Аманат Жаксылыкұлы.

Сайыс соңында қатысушыларға мадақтама қағаздары мен сыйлықтар ұсынылды.


Жарқымбаева А.Ж.

Науырзым ауданы білім беру бөлімінің әдіскері


хат жіберу