Блог статистикасы
195
Жазбалар
4906
Өтініштер
190998
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Өңір жаңалықтары

 

«Қайсар жастар» атты аудандық пікірталас турниры

Тамыз айының 20-шы жұлдызында "Науырзым ауданының Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен жастар күні аясында, аудандық "Қайсар жастар" атты аудандық пікірталас турниры өтті. Аталмыш іс-шараға мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен мектеп оқушылары қатысты. Турнир британдық парламент форматында өтіп, жастардың көкейлерінде жүрген біршама мәселелерді қозғады. Іс-шараға қатысушылар бағалы сыйлықтар мен мақтау қағаздарымен марапатталды. Айта кететін болсақ; III-орынды «Руханият» пен «Аминас» фракциясы, II-орынды «Белсенді жастар» фракциясы, I-орынды «Жамбыл орта мектебі» фракциясы иеленді. Турнирдың үздік спикері деп Даукенова Айгерім танылды. Осындай бағыттағы іс-шаралар өз жалғасын табады деп сенеміз.



  Жастар ресурстық орталығы


хат жіберу