Блог статистикасы
196
Blog
2540
Апелляциялық
106717
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Өңір жаңалықтары



Қылмыстылықтың алдын алудағы бұқаралық ақпараттар құралдарының рөлі

 

Қазіргі уақытта қылмыстылықтың әртүрлі нысандары мемлекеттердің дамуына кері әсер ететін теріс құбылыс болып отырғандығы баршаға аян. Осындай жағдайда жан-жақты ойластырылған кешенді (қаржылық – материалдық, ғылыми, нормативтік құқықтық және т.б. қамтамасыз етілген) бағдарламаның қажеттігі айдан анық. Бір сөзбен айтқанда, қазіргі қылмыстылық тарихи мол және халықаралық бай тәжірибені ескерген біртұтас, салиқалы қылмыстық саясатты ұйымдастырудың жаңа жолдарын зерттеуді талап етеді. Қашанда құбылыстардың себептерін анықтау қажеттілігі айтылса да, іс жүзінде қылмыстылықтың негізгі себептері «жабулы қазан» сипатында қала береді де, көбіне қылмыстық саясат жазалау жүйесіне «сүйенеді». Салдарымен ( қылмыстық сот өндірісі «машинасын» іске қосу, қылмыстық іс – әрекеттерден зардап шеккен қайғырған жәбірленушілер, сотталушылары «аузы – мұрнынан шыққан» түрмелер, рецидив, кәсіби қылмыскерлермен) күрескеннен гөрі, қылмыстылықтың себептерінің ерте алдын алу қашанда маңызды. Қылмыстылықпен күресу оның алдын алу мен ескертуге негізделсе ғана ерекше тиімді болар еді. Себебі, қылмыстылықпен күресу жүйесінде репрессивтік, сазайын тарттыру тәсілдерін қолдану негізгі амал емес.

Демократиялық құқықтық мемлекетте түрмелерге жабу – бұл мемлекеттің амалсыз жасаған соңғы шарасы ретінде қолданылуы тиіс.

Қоғамға жат құқыққа қайшы құбылыстардың ішінде қылмыстылық адам құқықтары, олардың заңды мүдделерімен мемлекеттегі қауіпсіздік, тұрақтылықпен қалыпты дамуға қол сұғатың іс – әрекеттердің ең қауіптісі болып табылады.

Ал трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтар мен қылмыстық қауымдастықтардың қылмыстық әрекеттерінен (есірткі заттарының, қару жарақтардың заңсыз айналымы, адам саудасы, ақша – несие саласындағы алаяқтық операциалар, жалған ақша жасау және т.б.), қылмыстардан мемлекет, ұйымдар мен жекелеген азаматтар ондаған, жүздеген миллиардтармен есептелетін орасан зор зардап шегеді. Осы жерден экономика және басқа да салалардағы ұйымдасқан қылмыстық топтардың қылмыстық әрекеттерінің қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлықпен ұштасуы әрі олардың түп тамырлары КСРО уақытынан жалғасып келе жатқандығы, қалыптасқан нарықтық қатынастарға байланысты экономикалық қылмыстарды жасаудың жаңа тәсілдерін ойлап табулары оның қоғамға қауіптілік денгейінің тіпті жоғары екендігін көрсетеді.

хат жіберу