Блог статистикасы
196
Blog
2557
Апелляциялық
109217
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Өңір жаңалықтары



«Спорттық әскерилендірілген эстафета»

2017 жылдың 4 мамырында Қазақстан Республикасының қарулы күштерінің 25 жылдығына және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 72 жылдығына арналған   «Науырзым ауданы ішкі саясат бөлімінің жастар ресурстық орталығы»КММ   «Науырзым ауданының Қорғаныс істер жөніндегі бөлімі» РММ – мен бірлесіп  «Арай» стадионында  10 сынып оқушылары мен ауыл шаруашылық колледжінің 1,2 курс студенттері арасында спорттық әскерилендірілген эстафета өткізді.

Эстафетаның негізгі мақсаты.

-         Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне мақтаныш және Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру;

-         бастамасын және тәуелсіздігін, серіктестік сезімін, өзара қолдауды және тәртіпті дамыту;

-         ең үздік қатысушыларды және  ең үздік әскери - спорт командасын анықтау;

-         қатысушылардың денсаулықтарын нығайту;

-         дене төзімділігін , күшін, ептілігін, және әскери дағдыларын дамыту;

Эстафетаға қатысуға Науырзым ауданының барлық мектептерінен командалар келді. Қызықты байқаулар, бәсекеге қабілетті рухты, олардың спорттық  және интеллектуалдық қабілетін демонстрациялау  болып табылады.

Қатысушыларды қарсы алғаннан  кейін, әскери эстафета өз арнасымен өтті.

Әр команда 5 оқушыдан құрылды, ал спорттық әскерилендірілген эстафета 5 кезеңнен тұрды.

1 Жүгіру

2 Газ тұтқыш кигізу

3 Орында тұрып ұзындыққа секіру, гранатаны дәлдеп лақтыру

4 Салмадан жоғарға тартылу

5 16кг гирді көтеру

Спорттық әскерилендірілген эстафетаның жеңімпаздары:

1 орында – Жамбыл орта мектебі;

2 орында – Шолақсай орта мектебі;

3 орында – Дәмді орта мектебі;

Спорттық әскерилендірілген эстафетаның соныңда қатысушыларға сыйлықтар мен грамоталар берілді.






«Науырзым ауданы ішкі саясат бөлімінің

жастар ресурстық орталығы»КММ


хат жіберу